Накидка

Алькантара · өз цехымызда тігеміз

Көлігіңіз қандай?

Маркасы мен моделін жазыңыз — қалай жазсаңыз да табамыз. Сосын дәл сол көліктің накидкасын көріп, тапсырыс бересіз.

Мысалы:
  • 1540+ көлік үлгісі
  • 1270+ нақты фото
  • 9 000 ₸ бастап

Біз тіккен накидкалар

Клиенттеріміздің көліктеріндегі нақты фото

Материал

Неге алькантара накидка?

Әйнекте шағылыс азаяды

Күңгірт ворс жарықты сіңіреді — панельдің алдыңғы әйнектегі шағылысы азайып, жол анығырақ көрінеді. Ең аз шағылысатыны — қара.

Панельді жауып, қорғайды

Панельді тікелей күн мен шаңнан жабады, ескі сызаттар мен жарықтарды жасырады — салон ұқыпты көрінеді.

Дәл сіздің көлікке

1100-ден астам лекал: пішіні мен тесіктері (датчик, динамик, проекция) сіздің панельге сай.

Желімсіз, сырғымайды

Астында тайғанамайтын гель қабаты бар — жай панельге жаясыз, жолда жылжымайды.

14 түс

Нақты мата үлгілерінен. Ең аз шағылысатыны — қара; ашық түстер (беж, сұр, терракот) әйнекте сәл көрінуі мүмкін.

Қара
Түсі: Қара

Жазу мен сурет

Накидкаға лазермен басамыз: көлік логотипі, ру мен жүз, есім, арыстан мен жылқы, Елтаңба, дұға. Өз суретіңізді де басамыз.

Цехта басылғандардан

Қалай тапсырыс береміз?

  1. 1Көлігіңізді табыңызЖоғарыдағы іздеуге маркасы мен моделін жазыңыз.
  2. 2Фотоны қарап, түсін таңдаңызНақты суреттер, 14 түс. Қаласаңыз — есім, ру не логотип басамыз.
  3. 3Бір батырма — WhatsAppХат дайын болып ашылады, «Жіберу» басасыз. Нұсқасын нақтылап, тігуге береміз.
  4. 4Тігіп, жібереміз1–3 күнде тігеміз, Қазақстан бойынша жібереміз.

Жеткізу, төлем, кепілдік

Тігу мерзімі1–3 жұмыс күні — тапсырыс бойынша тігеміз.
ЖеткізуҚазақстанның барлық қалаларына жібереміз. Құны мен мерзімін тапсырысты растағанда айтамыз.
ТөлемKaspi аударым немесе қолма-қол — тапсырысты растаған соң.
Кепілдік12 ай — тігіс пен материалға.

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің көлігіме дәл келе ме?

Әр модельге жеке лекал бар. Көлігіңіздің жылы мен буынын (кузовын) таңдаңыз. Панельде проекция (HUD), динамик, экран немесе компас болса — тапсырыс кезінде белгілеңіз, біз WhatsApp-та тағы бір рет нақтылаймыз.

Қалай орнатылады?

Панельді сүртіп, накидканы ворсымен жоғары жаясыз да, тесіктерін сәйкестендіресіз. Желім де, липучка да керек емес — астындағы гель қабаты ұстап тұрады.

Бүктеліп келе ме?

Жоқ, бүктемей, орап жібереміз — сызықсыз келеді.

Қалай тазалаймын?

Шаңсорғышпен немесе жұмсақ щеткамен. Дақ болса — сәл дымқыл майлықпен сүртесіз. Кір жуғыш машинада жумаңыз.

Суық кезде әйнек терлемей ме?

Накидка әйнекке үрлейтін саңылауларды жаппауы керек. Орнатқанда саңылауларды ашық қалдырыңыз; қыста әйнек баяу ерісе — накидканы алдыңғы жиегінен сәл тартыңыз.

Алькантара дегеніміз не?

Бұл — жасанды замша: жұмсақ, күңгірт, барқыт тәрізді ворсы бар мата. Табиғи былғары емес. Тозуға төзімді, қолға жағымды.

Тізімде көлігім жоқ болса?

WhatsApp-қа панельдің суретін және көлігіңіздің маркасы мен жылын жіберіңіз — лекалын жасап тігуге болатынын айтамыз.

Қандай түстер бар?

14 түс: қара, қою сұр, күл түсті, сұр, көкшіл сұр, қою көк, көк, изумруд, хаки, беж, терракот, қоңыр, бордо, қызыл. Ең аз шағылысатыны — қара; ашық түстер әйнекте сәл көрінуі мүмкін.

Жазу немесе сурет басасыздар ма?

Иә, лазермен басамыз: есім, ру мен жүз, көлік логотипі, арыстан, жылқы, Елтаңба, дұға немесе өз суретіңіз. Тапсырыс бергенде «Жазу немесе сурет қосу» бөлімін толтырыңыз — орны мен өлшемін WhatsApp-та келісеміз.

Көлігіңізді таппадыңыз ба?

Панельдің суретін жіберіңіз — өлшеп, тігеміз.